Әкімдіктің қатесінен Алматыда дүрбелең туды

1687

Жұртты дүрліктіргені үшін турагенттіктер мен туристердің алдында кешірім сұраған ешкім жоқ.

Әкімдіктің қатесінен Алматыда дүрбелең туды

Өткен демалыс күндері Алматы билігінің қатесінен турагенттіктер мен туристер арасында дүрбелең туды, деп хабарлайды Atameken Business.

Әкімдіктің баспасөз қызметі короновирус инфекциясы анықталған елдерге барлық сапарлардың уақытша тоқтатылатынын хабарлады. Бұл жаңалықты еліміздің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары таласа таратқан. Салдарынан туристер жолдамаларының тағдырына алаңдаушылық таныта бастады. Ал турагенттік иелері мүндай шешім олардың бизенсіне балта шабумен тең деп шулады. Себебі туристік жолдамаларды тоқтатса, турагенттіктер өздерінің тұтынушыларына ақшаны қайтарып беруге немесе басқа бағыттарға тур ұйымдастыруға міндетті.

Осындай шудан кейін Алматы әкімдігі дереу жаңа хабарлама таратты. Дәлірек айтсақ бірінші таратқан мәлімдемедегі бірнеше сөзді өзгерткен. Осылайша, барлық сапарлар уақытша тоқтатылады дегеннің орнына "туристік сапарлардан бас тарту ұсынылады" деген сөйлем шыға келді. Алайда туғызған түсініспеушілік үшін турагенттіктер мен туристердің алдында кешірім сұраған ешкім жоқ.

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметіне сүйенсек, бүгінде әлемнің 32 елінде коронавирус инфекциясы анықталған. Олардың қатарында: Оңтүстік Корея,  Италия, Жапония, Ұлы Британия, Австралия, Ресей Федерациясы секілді елдер бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу