Әкімдіктің қоршауы құлап, бір адам мерт болды

707

Қазір қайғылы жағдайдың анық-қанығы анықталуда.

Әкімдіктің қоршауы құлап, бір адам мерт болды

Павлодар облысына қарасты Қалқаман кентінде жол бойында тұрған қоршау құлады. Оқыс оқиға салдарынан жұмысшылардың бірі қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

 Алдын ала мәлімет бойынша, бұл қоршау жергілікті әкімдікке тиесілі. Бірақ қайғылы жағдайдың не себепті орын алғаны әзірше түсініксіз.

Облыстық полиция департаменті мән-жайды анықтауға кірісті. Әкімдік тарапынан әзірше ресми мәлімет жоқ.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу