Әкімге сенген жұрт жаурап отыр

160

Тұрғындардың мәселесі қашан шешіледі?

Әкімге сенген жұрт жаурап отыр Фото: www.gov.kz

Түркістан облысы Төлеби ауданында әкімдікке сенген жұрт төбесінен су сорғалап, жаурап отыр. Күздің суығында бүрсең қаққандардың көбі көпбалалы һәм жалғызбасты аналар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.  

Олар 2 жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен жалдамалы пәтер алған. Бірақ биыл қыркүйекте сол үйдің төбесінен өрт шығып, шатыры түгел жанып кетті.  Сол кезде билік 1-2 аптаның ішінде шатырды түгел жөндеп беруге уәде берген. Бірақ, арада апта емес ай өтсе де, уәде орындалмай кеше жауған жауын жұртты үйінен қуып шыққан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу