Әкімшілік кедергілерді болдырмауға басымдық беріледі

797

Әкімшілік кедергілерді болдырмауға басымдық беріледі

Қызылордада инвесторлардың құқығын қорғайтын арнайы кеңсе ашылады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда бойынша департаменті мамандарынан құрылған жедел топ тәулік бойы арыз-шағым қабылдауға дайын. Бүгінде Сыр өңірінде құны 1 млрд долларға жуықтайтын 7 ірі жоба жүзеге асуда. Олар – керамика зауыты, кальцийленген сода, газ-электр станциясы, шыны шығару, томат пастасын өндіру, кен орнын игеру және ванадий рудаларын өңдейтін комбинатты кеңейту секілді өндірістер.

Уәкілетті орган басшылары аталған жобаларға қаржы құйған шетелдік инвесторлармен алғаш рет кездесу өткізіп, әкімшілік кедергілерді бірлесіп жою жолдарын талқылады.

"Бірінші кезекте шетелдік инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы, нақты және әкімшілік кедергілердің барынша болмауын және коррупциялық тәуекелдері бар жағдайларда тез, батыл шешім қабылдау болып табылады. Әр шетелдік инвесторды жеке бақылауымызға алып, экономикамыздың дамуына үлесімізді қосқымыз келеді", - деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу