Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу туралы заң жобасы мақұлданды

1333

Заңнамалық құжатты талқылау барысында бюджетті тиімсіз игеруге, жол-көлік оқиғасы орын алған жерді тастап кетуге байланысты жазаны анықтауға қатысты нақты талаптар қажеттілігі айтылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу туралы заң жобасы мақұлданды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Заңнамалық құжатты талқылау барысында бюджетті тиімсіз игеруге, жол-көлік оқиғасы орын алған жерді тастап кетуге байланысты жазаны анықтауға қатысты нақты талаптар қажеттілігі айтылды.

Депутаттар сондай-ақ, сапасы төмен туристік қызмет көрсеткені үшін туроператорды лицензиясынан айыру немесе қызметін тоқтатуды қарастыратын норманың дұрыстығы туралы мәселе көтерді.  Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы мәдениет және спорт министрлігінің осы сұрақ бойынша бойынша ұстанымының көмескілігіне назар аударды.

Мәселен, спорттық жарысты ұйымдастырушылар мен спортшыларды сатып алғаны үшін айыппұл көлемін 200-ден 100 АЕК-ке дейін төмендету, сондай-ақ осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік қамақ қолдануды алып тастау туралы айтылды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу