Құжат мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқартуға, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, тауар нарығындағы нарықтық шоғырлану деңгейін төмендетуге, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ тауар нарығына кіру үшін әкімшілік және экономикалық кедергілерді қысқартуға ықпал етуді көздейді.
Заң жобасына үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің негізгі қуатына нарық субъектілерінің тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге байланысты норманы нақтылау, мемлекеттік тапсырмаларды бөлу үшін негіздемелердің толық тізбесін, сондай-ақ тапсырысты мемлекеттік тапсырма тізбесіне енгізу үшін өлшемшарттарды белгілеу, мемлекеттік және жекеменшік операторлардың қызметін заңнамалық реттеу, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалар қызметінің мониторингін жүзеге асыру жөніндегі монополияға қарсы органның құзыретін нақтылау бойынша түзету енгізді.
Қанат Махамбет