Келер жылдың бюджетінен мемлекеттік сатып алу конкурстарын бастау тапсырылды

903

Келер жылдың бюджетінен мемлекеттік сатып алу конкурстарын бастау тапсырылды

Барлық әкімшілерге 2019 жылдың бюджетіне мемлекеттік сатып алулардың алдын ала жоспарын бекіту және тиісті конкурстарды жариялауды бастау ұсынылды. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында айтты.

ҚР ҚМ соңғы деректеріне сәйкес, мемлекеттік сатып алулар порталында 5 трлн теңгеге сатып алулар жарияланған. Оның ішінде, ашық конкурс түрінде – 3,4 трлн теңгеге.

"Осы жұмыс қаржы министрлігінің бақылауына алынған. Есепті кезеңнің нәтижесі бойынша 2018 жылы республикалық бюджет кірістері 103%-ға, шығыстар – 99,6%-ға орындалады деп күтілуде",  деді Әлихан Смайылов.

Ол келесі қаржы жылына ауысатын кассалық қалдықтар шамамен 200 млрд теңгені құрайтынын, бұл сома жаңа қаржы жылының шығыстарын уақытылы және үздіксіз қаржыландыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу