"Аккаунттарын жойған": Павлодарда жоғалған фармацевт жігіт іздестіріліп жатыр

462

Фармацевт болып жұмыс істейтін 29 жастағы жігіт із-түссіз жоғалып кетті. 

"Аккаунттарын жойған": Павлодарда жоғалған фармацевт жігіт іздестіріліп жатыр Фото: avatarko.ru

Тексере келгенде, оның алдымен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жойғаны, сондай-ақ артына қоштасу хатын қалдырғаны анықталды.

"VITA" еріктілер жасағының мәліметінше, 13 наурызда 1995 жылғы Азамат есімді қала тұрғыны ноутбугын салған рюкзагын арқасына салып, Назарбаев көшесі, 42 мекенжайынан шығып кеткен. Ол сол күйі үйіне оралмаған.

"Оған анасы іздеу жариялады. Азамат ұшты-күйлі жоқ болар алдында бір апта бұрын әлеуметтік желідегі аккаунттарын жойған, сонымен қатар бәрімен қоштасып, кешірім сұрап, бұдан былай өмір сүргісі келмейтінін айтып, артына хат қалдырыпты. Ер адам өзінің алысқа кеткенін, артынан іздемеуді сұрапты. Содан бері оны ешкім көрмеген, деп жазады inbusiness.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері, Азаматтың туған-туыстары және волонтерлер қандай да бір ілікті табуға тырысып, оны жаппай іздеп жатыр.

Сипаттамасы: Бойы - 170 сантиметр, дене бітімі - орташа, көздері - қоңыр, шашы - қара түсті, көзінде көзілдірігі бар, жүргенде бүкшиіп жүреді.

Үстіндегі киімі: қою жасыл күрте, сұр трико, ақшыл етік. Өзімен бірге ноутбук салған сұр түсті рюкзагы бар.

Азаматты достары мен әріптестері ақылды, әрдайым күлімсіреп жүретін, көп сөйлемейтін мейірімді жан деп сипаттайды. 

Оны көргендер болса, WhatsApp-ы бар мына нөмірге хабарласу сұралады: +7(747)-615-55-63.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу