Ақкент шағын аудандағы өрттен зардап шеккендерге жедел штаб көмек көрсетуді жалғастыруда

354

Оның құрамына ТЖД, ПБ, прокуратураның, ҰҚК, әкімдік, РМО, ОҚҰ өкілдері кіреді. 

Ақкент шағын аудандағы өрттен зардап шеккендерге жедел штаб көмек көрсетуді жалғастыруда Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Әкімдік зардап шеккен үйдің тұрғындарына көмек пен қолдау көрсету мақсатында бірқатар шараларды қолға алды. Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың төрағалығымен №54 үйдің алдында тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылды. Полиция қызметкерлері зардап шеккен азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігі және сақталуын қамтамасыз етуде. Сондай-ақ жедел жәрдем қызметі жұмыс істеуде.

Зардап шеккен үйдің кіреберісі мөрленген, үйге тек оның тұрғындары ғана ішке кіре алады. Сондай-ақ, аумақта санитарлы тазалау ұйымдастырылған.

Өрттен зардап шеккен үйдің тұрғындарына жақын маңдағы дәмханадан азық-түлік беріледі. Олардың түнеуі үшін Алматы қаласының құтқару қызметі 250 төсек-орын әкелді. Сондай-ақ, қонақүйде 14 нөмірді брондалды.

  • Зардап шеккендерге арналған сенім телефоны: 87071872507, 3989820
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу