"Ақкент" тұрғын үй кешенінен тағы да өрт шықты

523

1 бөлмелі пәтердің ішінде тұрмыстық заттар өртенген.

"Ақкент" тұрғын үй кешенінен тағы да өрт шықты Фото: gov.kz

Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінен тағы да өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оған себеп 9 қабатты үйдегі бір бөлмелі пәтердің ішінен өрт шыққан.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарады. 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер 8 тамыз, сағат түнгі 03:45-те Алатау ауданы, "Ақкент" шағын ауданы, 68 үйден шыққан өртті сөндірді.

"9 қабатты үйдің 2-ші қабатындағы 1 бөлмелі пәтер ішіндегі S=30 м2 аумақта үй тұрмысындағы заттар өртенді (матрас, зақымдалған ас үй жиынтығы)", - деп хабарлады ТЖД-да.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу