Аққулар аштан қырылған болуы мүмкін

641

Маңғыстау облысындағы Қаракөл жасанды су қоймасынан табылған  аққулар қатты аязда қорек таппай қалған.

Аққулар аштан қырылған болуы мүмкін

Табиғатты қорғау инспекторлары көл аумағында тексеру жүргізіп, осындай пікір білдірді. Мамандардың айтуынша, жағалаудан аққудың көгілдірі табылған. Экологтар су  мен құс өлексесінен сынама алды. Қорытындысы алдағы уақытта шығады. Биыл 10 мыңға тарта аққу Қаракөлге қыстауға келген.

“1 желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысында 15-20 градусқа дейін қатты аяз болды. Қаракөл жағалауы түгелімен мұз болып қатып қалды. Көлде әртүрлі қамыс тамырлары бар. Ұсақ жәндіктері бар. Солармен қоректенеді ғой. Сондықтан олар қысқа май жинап үлгермеген”,- дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцисының басшысы Ғаббас Досатов.

Айта кетсек, осыған дейін Маңғыстау облысында Каспий теңізі мен Қаракөлде аққулар қырылып жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу