Ақмәди Сарбасов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ақмәди Әділұлы Сарбасов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Ақмәди Сарбасов бұл қызметке 2020 жылдың 3 маусымында тағайындалған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу