Ақмарал Әлназарова экс-министр Ажар Ғиниятқа қатысты пікір білдірді

340

Қазір денсаулық сақтау жүйесінің алдында басқа міндеттер тұр. 

Ақмарал Әлназарова экс-министр Ажар Ғиниятқа қатысты пікір білдірді Фото: ortcom.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Сенат кулуарында экс-министр Ажар Ғиниятқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ажар Ғиниятпен кездестік. Біз – әріптеспіз. Көп жыл бойы бірге жұмыс істеп келеміз. Жалпы әр кезеңде ведомствоның әр басшысына белгілі бір міндеттер жүктеледі. Ажар Ғиниятқызы елімізде коронавирус індеті өршіген кезде басшылыққа келді және оның барлық қызметі жедел басқаруға бағытталды. 2023 жыл ДДСҰ эгидасымен өтті. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының қатысуымен бірқатар іс-шара өтті, Қазақстанға ДДСҰ төрағасы келді", - деді ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда министрлік алдында басқа міндеттер тұр.

"Әрине, біз оның тәжірибесін қолданатын боламыз. Меніңше, ол денсаулық сақтау жүйесінде қалады. (...) Ажар Ғиниятқызы кезінде оған жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды. Қазір жүйенің алдында басқа міндеттер тұр. Мемлекет басшысы кеше бұл туралы нақты айтты. Сондықтан қазіргі министрлік аппаратымен, өңірлермен бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз деп ойлаймын", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу