Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Журналистер министрден "YouTube-та Арай Төлемісова атты медицина ғылымдарының докторы Кәрім Мәсімовтің құжаттарын көргенін, оның руы найман, ұйғыр емес деген мәлімдеме жасады. Медицина құжаттарында адамның руы жазыла ма?" деп сұрады.
"Бұл YouTube арнасын қараған жоқпын. Біз қосымша анықтап айтайық. Негізінен медициналық құжаттарда рудың жазылуына байланысты ешқандай шарт жоқ", - деп жауап берді Ақмарал Әлназарова.
Айта кетейік, осыған дейін Кәрім Мәсімовпен бірге жұмыс істеген дәрігер оның шығу тегін айтып бергенін жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу