Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем қызметінің жұмысында қандай өзгеріс болатынын айтты

272

Енді төртінші санатты шақыртуларға емханалар жауапты. 

Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем қызметінің жұмысында қандай өзгеріс болатынын айтты Фото: inbusiness.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем бригадалары қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жедел медициналық көмек бригадасы осы уақытқа дейін қалай жұмыс істесе, солай жұмысын жалғастырады. Яғни, аптаның жеті күнінде, тәуліктің жиырма төрт сағатында істейді. Олар бірінші, екінші, үшінші санатты шақыртуларға қызмет көрсететін болады",  – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Сөзінше, төртінші санатты шақыртулар емханаларға беріледі.

"Жедел медициналық жәрдем станциясы төртінші санатты шақыртуларға түнгі уақытта қызмет көрсетсе, емхана бұл шақыртуларға 08.00-ден бастап 20.00-ге дейінгі уақытта және сенбі күндері жауапты болады. Кешкі 20.00-ден кейін адамдар жедел жәрдем қызметіне жүгініп, тиісті көмекті ала алады", – деп түсіндірді Ақмарал Әлназарова.

Айта кету керек, осыған дейін депутаттар жедел жәрдемнің науқасқа жететін уақытын қайта қарауды ұсынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу