Ақмарал Әлназарованың Сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды

347

Бұрынғы халық қалаулысы енді ДСМ-ді басқарады. 

Ақмарал Әлназарованың Сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі

Сенаттың жалпы отырысында басқа қызметке кетуіне байланысты депутат Ақмарал Әлназарованың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмарал Әлназарова Президенттің Жарлығымен Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

“ҚР Президентінің 2024 жылғы 6 ақпандағы нөмірі 459 Жарлығымен ҚР Сенатының депутаты Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова ҚР Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Осыған орай ҚР ОСК сіздердің назарларыңызға ҚР Конституциясының 52-бабына, “ҚР Парламентінің және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Конституциялық заңының 24-баның 3 және  8 тармақтарына сәйкес ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр”, - деді ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов.

Сенат тиісті қаулы қабылдады.

“Ақмарал Шәріпбайқызы 2020 жылы Қызылорда облысынан Сенат депутаты болып сайланду. Осы аралықта палатының заң шығару қызметіне және жоспарлы іс-шараларына белсенді атсалысты. Әлеуметтік даму және ғылым комитетінің хатшысы ретінде салалық мәселелерді оң шешуге үлесін қосты. Осындай еселі еңбегін ескеріп, палата бюросынык қаулысымен Ақмарал Әлназарова Сенаттың құрмет грамотасымен марапатталады”, - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу