Ақмешіт ауылында жаңа спорт алаңы ашылды

197

Целиноград ауданы, Ақмешіт ауылында ауыл жастары мен тұрғындары үшін маңызды жаңа нысан – заманауи көпфункционалды спорт алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмешіт ауылында жаңа спорт алаңы ашылды Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Ашылу рәсіміне Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы арнайы қатысып, ауыл тұрғындарымен бірге қуанышты сәтке куә болды.

 "Спорт алаңы – тек денсаулық кепілі емес, ол – ауылдың бірлігін арттыратын, жастарды жігерлендіретін орта. Салауатты ұрпақ – ел болашағының негізі", – деп атап өтті облыс әкімі  Дарын Сабырғалиұлы.

Жаңа алаңның құрылысына 28 млн 450 мың теңге бөлініп, жұмыстарды мердігер ұйым "Казстрой KZ" ЖШС атқарды. Құрылыс 2025 жылдың 28 шілдесінде басталып, 26 тамызында толық аяқталды. Нысанның аумағында 40 м х 21,5 м көлеміндегі мини-футбол алаңы мен 150 шаршы метрлік балалар ойын алаңы салынды. 

"Бұл спорт алаңы – біздің балаларымыз үшін үлкен қуаныш пен зор мүмкіндік. Енді ауыл жастары бос уақыттарын тиімді өткізіп, спортпен шұғылдана алады. Осындай қамқорлық пен қолдау көрсеткен аудан басшылығына алғысымыз шексіз", – деді ауыл тұрғыны Айгүл Сәрсенова.

Жаңа спорт алаңы ауыл жастары мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылданып, денсаулықтарын нығайтуына зор мүмкіндік береді. Жаңа залда футбол, волейбол, баскетбол сияқты түрлі спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалған.

"Бұрын спортпен айналысуға арнайы орын болмаушы еді. Енді достарыммен бірге футбол ойнап, түрлі жарыстар ұйымдастыра аламыз. Бұл біз үшін үлкен сыйлық", – деп ойымен бөлісті жас спортшы.

Жаңа нысан ауыл болашағы үшін зор жетістік болып отыр. Ол жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу