Ақмола гарнизонының әскери сотында жоғары дәрежелі өрт сөндірушілерге қатысты іс қаралады

177

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ақмола гарнизонының әскери сотында жоғары дәрежелі өрт сөндірушілерге қатысты іс қаралады Фото: Gulbanu Abenova

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Антикорға сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады.

Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам бизнес өкілінен жүйелі негізде пара алу бойынша күдікті.

Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады.

Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында мәні бойынша қаралуда. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу