Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

671

Марат Иғалиев Ақмола облысы әкімінің туризм, индустрияландыру, кәсіпкерлік және инвестициялар мәселелері бойынша орынбасары болды.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің туризм, индустрияландыру, кәсіпкерлік және инвестициялар мәселелері бойынша  орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Марат Иғалиев Атырау облысының тумасы.

Еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Ааалитикалық орталығының сарапшысы болып бастады. 2001 жылдан бастап банк саласында жұмыс атқарды. 2003 жылдан бастап Ақтөбе облысы әкімінің аппараты басшысы; "Атамекен" Жалпыұлттық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы баспасөз қызметінің басшысы; Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сарапшысы және бас инспекторы; Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі; Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс атқарды. 2009 жылдан бастап "Нұр Отан" ХДП Орталық аппараты хатшылығының сарапшысы, ақпарат және талдау департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі сауда комитеті төрағасының орынбасары; Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесші - баспасөз хатшысы; Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігі атом энергиясы комитеті төрағасының орынбасары; Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әкімшілік-кадр жұмысы департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып еңбек етті.  

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімінің туризм жөніндегі кеңесшісі болды.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу