Ақмола облысы бидай өндірісінен көш бастап тұр

590

2022 жылы Қазақстан бойынша жиналған 20 млн тонна бидайдың 5 млн 400 мың тоннасы осы облысқа тиесілі

Ақмола облысы бидай өндірісінен көш бастап тұр Фото: Ашық дереккөзден

 

Ақмола облысы бидай өндірісі бойынша тағы да көш бастап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Республиканың төрттен бір бөлігін ұнмен қамтып отырған облыс былтыр 2 млн 200 мың тонна астықты экспортқа шығарған. 2022 жылы Қазақстан бойынша жиналған 20 млн тонна бидайдың 5 млн 400 мың тоннасы осы облысқа тиесілі. Биыл да 5,2 млн гектар жерге бидай егілді.

"Ақмола облысы - негізі аграрлы өңірлердің бірі. Елдің жалпы ауыл шаруашылығы өніміндегі жалпы үлесі 10 пайызды құрайды. Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша, жалпы ауыл шаруашлығының көлемі 5 жарым пайыз өсіммен 5 жарым миллиард теңге құрады", - деді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.

Сондай-ақ, өңірде комбайн өндірісі 2 жарым есеге, ал трактор өндірісі 1 жарым есеге артқан. Бір ғана ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт жыл сайын 2000-ға жуық комбайн мен тракторды нарыққа жібереді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу