Ақмола облысы бойынша МӘМС-қа 80 млн теңгеден астам қаржы аударылған

870

Ақмола облысы бойынша МӘМС-қа 80 млн теңгеден астам қаржы аударылған

Ақмолалықтар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына небәрі 1 жарым айдың ішінде 80 млн теңгеден астам жарна аударған, деп хабарлайды 24kz.

Қазір аймақта аталған жүйені халыққа түсіндірудің екінші кезеңі аяқталуға жақын.

Мамандардың айтуынша, осы уақытқа дейін өңір тұрғындарының 90 пайызға жуығына сақтандыру жайлы мәлімет берілді. Қазір облыста әлеуметтік-медициналық қызмет көрсететін 200-ге жуық емдеу мекемесі бар. Сондай-ақ аймақта арнайы комиссия да құрылған. Оның қызметі – аталған жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау.

"Әр облыста әртүрлі. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында өндірістік кәсіпорындар өте көп. Ал Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары аграрлы аймақ болғандықтан, күзгі жиын-терім жұмыстары біткеннен кейін жарна төлеушілердің қатары артады деп, күтіп отырмыз", – деді қордың облыстық филиалының жетекшісі Нұрлан Ахылбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу