Ақмола облысы ЭКСПО-2017-ге 50 экскурсия жетекшісін дайындады

995

Ақмола облысы ЭКСПО-2017-ге 50 экскурсия жетекшісін дайындады

Ақмола облысында экскурсия жетекшілерінің кәсіптік біліктілігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Ақмола облысының Щучье  қаласында 50-ден астам  экскурсия жетекшілері семинар-тренинг нәтижесінде   білімдерін ұштады, шараны ұйымдастырған  Ақмола облысының  туризм басқармасы", – деп хабарлады өңірлік  коммуникация қызметі.

Шараның негізгі мақсаты экскурсия жүргізушілерінің  дайындық деңгейін арттыру. Семинар  барысында олар  экскурсия жүргізу  біліктілігіне ие болып, техникалық мақамның ерекшеліктерін меңгерді.

Әдістемелік  ұстанымдардың негізі  психологиялық және  коммуникациялық сөйлеу мәдениетінің  негізін меңгеру.  Тұлғалық қасиеттерге ие  болу, оның ішінде сахна тілі мен ораторлық қасиет.

Экскурсия жүргізушілері  өз  жобаларын таныстырып өтті.  "Бурабай – Қазақстанның маржаны"  тақырыбында   26 таныстырылым ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу