Ақмола облысы ЭКСПО-ға 7 турпакет әзірледі

767

Ақмола облысы ЭКСПО-ға 7 турпакет әзірледі

ЭКСПО-2017 қарсаңында туристерді қарсы алу үшін Ақмола облысы 7 турпакет әзірледі, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне 73 күн қалды. Ақмола облысында 54 тармақтан тұратын шараның жоспары әзірленді.

Турист қабылдау үшін өңір туроператорлары 7 турпакет әзірледі. Ол Щучье-Бурабай курорттық аймағы мен Қорғалжын қорығында 30 бағытты қамтиды.

Сондай-ақ көрме қонақтарын қарсы алатын 100 қонақүй, турбаза мен 28 курорттық-санаторий бір мезетте 12 мың адам қабылдай алады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері көрме кезінде елорданы қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету жайын нақтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу