Ақмола облысы лизинг есебінен 50 жедел жәрдем көлігін сатып алады

8710

Биылғы жылдың наурыз айында Ақмола облысына жаңа жедел жәрдем көліктерінің алғашқы партиясы жеткізіледі.

Ақмола облысы лизинг есебінен 50 жедел жәрдем көлігін сатып алады Фото: egemen.kz

Бұл туралы аймақ басшысы Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысындағы жедел жәрдем станцияларында арнайы көліктердің тапшылығы туралы осыған дейін бірнеше рет айтылып келді.

Әсіресе, бұл Қосшы қаласында анық сезіліп тұр. Регламент бойынша әрбір 10 мың адамға жоқ дегенде бір жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуі тиіс.

Сол себепті, күн санап адам саны артып келе жатқан Қосшыға жедел жәрдем көліктері ауадай қажет.

"Мен лизинг есебінен барлық компоненттері бар 50 заманауи жедел жәрдем автокөлігін сатып алу туралы тапсырма бердім. Өткен жылы, өкінішке қарай, конкурс өткізілмеді, өйткені жасалған конкурстық құжаттама әлеуетті қатысушыларды тартпаған сияқты. Биыл құжаттаманы әзірлеуде біз соның бәрін ескердік", - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу