Ақмола облысы ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкілі ұсталды

718

10 сәуірде Көкшетау қаласында ҰҚК полицияның жеке қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкілін ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақмола облысы ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкілі ұсталды

Аталған адамдар лауазымдық өкілеттіктерін теріс және асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

"Процессуалдық іс-шаралар барысында тергеліп жатқан іске қатысы бар ақшалай қаражат алынды. Ұсталғандарға "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР ҚК 361-бабы 2-1-бөлігі және 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деп жазылған ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу