Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 420 гектардан астам орман сақталды

369

Инспекция бөлімінің жауапты басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 420 гектардан астам орман сақталды Фото: liter.kz

Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман шаруашылықтары мен ұлттық парктердің орманды кесу көлемін негізсіз асыра көп есептеу фактілерін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қарау нәтижесінде 16 орман шаруашылығы мен ұлттық парктер кесуге мәлімдеген 108,9 мың текше метр орманның 46% немесе 50 мың текше метрден астамы алынып тасталды.

Осылайша, прокуратураның шараларымен орман қорын 420 гектарға ұтымды пайдалану және сақтау қамтамасыз етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу