Ақмола облысы тұрғынан 34 келіден астам гашиш тәркіленді

742

Нұр-Сұлтанда полицейлердің арнайы операциясы кезінде есірткі жеткізу каналы жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысы тұрғынан 34 келіден астам гашиш тәркіленді

"Сонымен, ағымдағы жылдың 7 тамызында есірткі заттарын жеткізу мен сатудың жолын жоюға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 37 жастағы ер адам ұсталды, одан жеке тексеру кезінде, салмағы 2 келі гашиш тәркіленді. Ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде, Қосшыда, салмағы 34 келіден асатын гашиш салынған 2 полиэтилен пакет арнайы жасырылған орыннан алынды", - делінген баспасөз қызметінің сейсенбіде таратылған хабарламасында.

"Ұсталған адам тәркіленген 36,3 келі есірткіні елорда аумағында сатпақ болған",– деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы (сату мақсатында заңсыз алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу