Ақмола облысын дамытуға қосымша қаражат бөлінді

653

​​Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Ақмола облысын дамытуға қосымша қаражат бөлінді

2022 жылы Ақмола облысын дамытуға 118 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар республикалық бюджетті нақтылау аясында қосымша 52,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында биыл өңірде жеке инвестициялар есебінен жалпы құны 273 млрд теңгені құрайтын 169 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар әкімдік Көкшетауда ЖЭО және көпсалалы аурухана салу, Бурабай ауданында курорттық аймақ, Аршалы ауданында жел электр станциясын, сондай-ақ Зеренді ауданында құс фабрикасын және құрама жем зауытын салу секілді 1 трлн теңгеге 135 жобаны пысықтап жатыр.

Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігіне бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу