Ақмола облысына "Спутник Лайт" екпесінің 4 мың дозасы жеткізілді

819

Ақмола облысында Pfizer вакцинасының бірінші компоненті 6 151 адамға егілді, оның ішінде 4 413 жасөспірім, 144 жүкті және 1 594 бала емізетін әйел бар.

Ақмола облысына "Спутник Лайт" екпесінің 4 мың дозасы жеткізілді

Бұл туралы журналистермен өткен брифингте Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Басқарма басшысының айтуынша, Ақмола облысына 2021 жылдың ақпан айынан бастап барлығы бес вакцинаның 1 022 585 дозасы ( Спутник V – 542 505, QazVak – 109 930, Sinofarm – 259 000 (HayatVax – 61 000, Corona Vak-24000, VeroCell – 174 000) және Pfizer вакцинасының 111 150 дозасы түскен. Ал биылғы жылдың 21 қаңтарында "Спутник Лайт" вакцинасының 4 000 дозасы жеткізілді.

"Қазіргі кезде, оны тасымалдау кестесі дайындалып, облыстың медицина ұйымдарына жеткізілуде", – деді Н. Сыздықов.

Жалпы ақпан айынан бастап Ақмола облысына бес вакцинаның бірінші компоненті 340 736 адамға, екінші компоненті 314 913 адамға егілді. Pfizer вакцинасының бірінші компоненті 6 151 адамға немесе тиісті халықтың 9,3 пайызына егілді. Олардың ішінде 4 413 жасөспірім, 144 жүкті және 1 594 бала емізетін әйелдер бар. Екінші компонентін 3 447 адам немесе 5,2 пайыз алды. Ревакцинациядан 53 092 адам өтті.

Басқарма басшысы атап өткендей, бүгінде қоймаларда вакциналар жеткілікті, ешқандай дүрлікпе жоқ. Вакцинацияны егу пункттері бар аймақтың барлық медициналық ұйымдары вакцинация жүргізеді. Қазіргі кезде өңірде 226,9 мың адам әлі вакцина алмаған. Вакцинацияланбағандардың 3,7 пайызы немесе 8 347 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Осы жылы вакцинацияланғандардың ішінен тек 343 адам ғана жұқтырды.

"Жансақтау бөлімшесіндегі 36 адамның ішінен тек бір ғана науқас егілген. Бұл халықаралық ғылыми зерттеулер, сондай-ақ барлық медициналық ұйымдардың вакцинацияланған адамдар ауыр формаларда КВИ-мен ауырмайды, жансақтау бөлімшесіне түспейді және КВИ-ден көз жұмбайды деген мәліметтерін тағы бір рет растайды. КВИ-ға қарсы вакцинация-ауыр халдегі адам үшін тірі қалудың жалғыз үміті", – деп түйіндеді Н. Сыздықов.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу