Ақмола облысынан Қытайға ет экспортталады

1018

Ақмола облысынан Қытайға ет экспортталады

Қытайдан келген делегация Ақмола облысынан тікелей ет сатып алуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің "Жаңа Береке" ЖШС ет өңдеу кешеніне жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Новомарковка ауылында  Мәлік Мырзалин  "Жаңа Береке" ЖШС-ның қызметімен танысты. Бұл кәсіпорында 3000 мал басына есептелген мал семірту алаңы, жылына 5000 тонна ет өнімдерін өңдей алатын кешен бар.

"Өнімімізді Астанаға жеткізуге және экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар. Жақында ғана бізде Қытайдан келген арнайы делегация болды, олар біздің өнімді тікелей алуға ниет білдіріп отыр", - деді шару қожалығының атқарушы директоры Жандос Хасенов.

Бұдан басқа, облыс әкімі "Хамзе" ШҚ-сында болды. Аталған қожалық президенттің елорданы экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету тапсырмасын орындауға бағытталған жобалардың бірі. Шаруашылық базасында 400 ірі қара мал басына есептелген сүт-тауарлы фермасын ашу жоспарланған. Онда сүт өңдеудің толық циклі қарастырылады. Бүгінде қожалық Германиядан арнайы 132 бас сауын сиыр алдырған, 3-4 жылдың ішінде сауын сиырдың жалпы саны төрт жүзге жетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу