Ақмола облысында 10 гектардан астам аумақты шарпыған өрт сөндірілді

136

Өртті сөндіруге ТЖД бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.  

Ақмола облысында 10 гектардан астам аумақты шарпыған өрт сөндірілді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ақмола облысының Целиноград, Ерейментау және Аршалы аудандарында құрғақ шөптің жану деректері тіркелді. Өрт ошақтары жедел сөндіріліп, елді мекендерге қауіп төнген жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр ауылының маңында, Ерейментау ауданындағы Тайбай ауылдық округінің теміржол бойында және Аршалы ауданындағы Байдалы ауылының маңында шыққан.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы аумағы 10 гектардан асатын өрт ошақтары толықтай жойылды.

ҚР ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырып, өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласуды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу