Ақмола облысында 10 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

561

Ақмола облысында лауызымды тұлғалар кәсіпкерлерге заңсыз тексеріс жүргізген.  

Ақмола облысында 10 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды Фото: kyzylorda-news.kz

Мәселен, өңірдегі мемлекеттік орган қызметкері көтерме-сауда дүкенінің біріне барып, өнімнің сапасын тексерген, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Негізсіз жүргізілген қадағалау үшін лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тек осы жылдың өзінде облыс бойынша осындай 6 дерек тіркелді. Облыстық прокуратураның ықпалымен аймақта 10 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды.

"Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша салық органдарының 200-ден астам заңсыз шешімдері анықталды. Прокуратураның наразылығымен 97 осындай заңсыз шешімнің күші жойылды. Қалған іс қаралымда. Бұдан өзге мемлекеттік сатып алу саласында 3,2 млрд теңгеге конкурстан тыс, яғни "бір көзден сатып алу" фактісі анықталды. Бұған жол берген 70 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді Ақмола облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Рысбек Нұрланұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу