Ақмола облысында 100-ге жуық адам құтқарылды

1057

Жолаушылар құзырлы органның ескертуіне қарамастан жол жүріп кеткен.  

Ақмола облысында 100-ге жуық адам құтқарылды

Ақмола облысында түнде боранда жолда қалған 92 адам құтқарылды, оның 4-уі бала, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметі бойынша, боранның салдарынан Атбасар ауданы аумағында желтоқсанның 6-да түнгі сағат 22:05-те "Алматы-Екатеринбор" тасжолының бойында "Нұр-Сұлтан - Державинск" және "Нұр-Сұлтан - Рудный" бағытымен жүріп келе жатқан "Вольво" жəне "Setra" автобустары жолда қалған.

"Құтқару жұмыстарына ТЖД 3 қызметкері мен 2 техникасы тартылды. Екі автобуста болған 20 жолаушы (оның 2-уі бала) құтқарылып, Атбасар қаласындағы мектеп интернатына уақытша жайғастырылды", – дейді ведомстводан.

Ал, сол күні сағат 22-30 өңірдегі барлық бағыттағы автокөлік жолдарының жабық болуына байланысты "Көкшетау-Атбасар" тасжолының бойында 5 жеңіл көліктегі 12 адам Полтавка орта мектебіне жеткізілді.

Сонымен қатар, жолдардың жабық болуына байланысты желтоқсанның 7-де түнгі сағат 00:05 Көкшетау қаласынан 17 шақырым қашықтықта "Нұр-Сұлтан-Петропавл" тасжолынан "Setra" автобусы қауіпсіз жерге жеткізілді.

"Сургут-Шымкент" бағытындағы "Setra" автобусында 69 адам жолаушы болды. Оның 2-уі бала. Олардың барлығы жылыту орнына жеткізілді. Медициналық көмекке жүгінгендері жоқ", – деп толықтырды ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу