Ақмола облысында 100 шақты турист құтқарылды

183

Бурабай ауданында 2 туристік автобус лайға батып қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында 100 шақты турист құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, автобустар Астанадан шыққан.

Жаңбырдан кейін дала жолы лайға айналып, көліктер жүріп өте алмай қалған. Автобустарда барлығы 99 жолаушы болған.

Хабар түсе салысымен құтқарушылар оқиға орнына аттанып, арнайы техникамен автобустарды жолдың таза бөлігіне сүйреп шығарды.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Туристер жолын әрі қарай жалғастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу