Ақмола облысында 107 жұмыскерге 2,1 млн теңге үстемеақы төленді

184

Үстемеақы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін төленді.

Ақмола облысында 107 жұмыскерге 2,1 млн теңге үстемеақы төленді Фото: ЖИ

Ақмола облысының Целиноград ауданында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 107 адамның еңбек құқығы қорғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аудан прокуратурасы "Целиноград Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында еңбек заңнамасының сақталуын тексеру барысында заңбұзушылықты анықтады. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге тиісті үстемеақылар төленбеген.

Прокуратураның ұсынуын қарау нәтижесінде жұмыскерлерге үстемеақылар белгіленіп, жалпы сомасы 2,1 млн теңге төленді.

Осылайша, 107 жұмыскердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу