Ақкөл ауданы прокуратурасының араласуымен құны 678 млн теңге болатын 118,9 га жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орман алқабы сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген, алайда кәсіпкерлердің жауапсыздығына байланысты мемлекет оны қайтарып алды.
"Учаскелер 2016 жылдан бастап жоғарыда айтылған мақсатта пайдаланылмаған, жалдау ақысы төленбеген. Сонымен қатар кәсіпкерлер орман өрті қаупінің жоғары болуына қарамастан, оның алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген. Аталмыш себептер аудан прокуратурасының актісі бойынша шарттарды бұзуға негіз болған. Жалпы құны 678 млн теңге болатын 118,9 га жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды", - делінген ведомство хабарламасында.