Ақмола облысында 12 адам қаза тапқан қылмыстық іс сотқа жолданды

Қаралы оқиға 2026 жылдың 26 ақпанында газ баллонының жарылуынан басталып, соңы өртке ұласқан болатын.  

Ақмола облысында 12 адам қаза тапқан қылмыстық іс сотқа жолданды Фото: Видеодан скриншот

Ақмола облысының арнайы прокурорлары осы өртке қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кафедегі жарылыс салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 11 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған еді. Сонымен қатар, ғимарат иесіне аса ірі көлемде материалдық шығын келтірілген.

Тергеу нәтижесінде қылмыстық жауапкершілікке кафені жалға алушы, автогаз құю станциясының директоры және газ жеткізумен айналысқан тұлға тартылып отыр.

Олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) және 306-бабының 3-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) бойынша сараланған.

Арнайы прокурорлар тергеу барысында қауіпсіздік талаптарының бұзылуы мен ауыр зардаптар арасында тікелей себеп-салдарлық байланысты анықтаған. Осы күні қылмыстық іс бойынша материалдар сотқа жолданды.

Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу