Ақмола облысында 12 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті

201

Қыздың қалай құлап кеткені анықталып жатыр.

Ақмола облысында 12 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті Фото: alashorda.kz

Ақмола облысының Бурабай ауданында 12 жастағы қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Ол қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Келеңсіз жағдай 14 қыркүйекте Щучье қаласында болған. Ресми дерекке сүйенсек, аталған іс бойынша тергеу басталған.

"Бурабай аудандық полиция бөлімінен хабарлағандай, оқиға осы жылдың 14 қыркүйегінде Щучье қаласында болды. Алдын ала анықталғандай, 12 жасар қыз 5-ші қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кетті. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ, қыздың емдеу мекемесіне жатқызылғанын хабарлаймыз", –дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу