Ақмола облысында 13 адам із-түссіз жоғалып кетті

1244

Енді жоғалғандарды табуға ерікті жастар да атсалыспақ.

Ақмола облысында 13 адам із-түссіз жоғалып кетті

Былтыр Ақмола облысында 100-ден астам жан, ал осы жылдың басынан бері 69 адам хабарсыз кеткен, деп хабарлайды 24.kz.

Олардың 56-сы табылыпты, ал 13-і ұшты-күйлі жоқ.

Үйден шығып, хат-хабарсыз кететіндердің жағдайы әртүрлі. Мәселен, біреуге отбасындағы кикілжің себеп болса, кейбіреуі науқас, енді бірі ішімдікке салынған болуы мүмкін.

Естеріңізде болса, жақында ғана облыстық полиция департаменті жанынан еріктілер орталығы ашылған. Енді жоғалғандарды табуға ерікті жастар да атсалыспақ.

Жалпы ішкі істер министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес, жоғалған азаматтар 10 жылға дейін іздестіріледі.

"Табылмай жатқан 13 адам ол Көкшетау полиция басқармасында, Целиноград аудандық полиция бөлімінде және Жақсы, Есіл аудандарында. Олардың көбі ішімдікке салынған адамдар. Оларды іздестіру үшін еріктілер қосылуда. Көп топтар қосылды. Ағаштарда, судың жиектерінде барлық іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз",– дейді облыстық криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Абзал Кәйкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу