Ақмола облысында 14 миллион теңгенің затын ұрлаған күдікті ұсталды

1316

Қылмыс "Пәтер" жедел алдын алу шарасы кезінде анықталды.

Ақмола облысында 14 миллион теңгенің затын ұрлаған күдікті ұсталды

Ақмола облысында 14 миллион теңгенің әшекей  бұйымдары мен құндыз тондарын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, қылмыс "Пәтер" жедел алдын алу шарасы кезінде анықталды.

"Зардап шегушінің арызы бойынша, ақпанның 4-де белгісіз біреулер оның пәтеріне түсіп, қымбат әшекей бұйымдары мен 3 құндыз тонын қолды қылған. Шығын көлемі 14,2 миллион теңгені құрады. Күдіктілерді ұстау бойынша тәжірибелі тергеушілерден құралған арнайы топ құрылды. Оқиға орнын тексерген полицейлер ұрылардың пәтер есігінің құлпын соған келетін кілтпен ашқаны анықталды.

Қолға алынған шаралардың нәтижесінде наурыздың 18-де криминалды полиция қызметкерлері Астана қаласының 1986 жылғы тұрғынын ұстап, одан есік құлпын ашатын құралдар жиынтығын тәркіледі.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды және үстінен  ҚР ҚК 188 бабының 4 бөлімі бойынша із қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, "Пәтер" жедел алдын алу шарасы кезінде Щучье қаласы тұрғынының пәтерінен 1 200 000 теңгенің мүлкін тонау қылмысы анықталды. Қылмыс 11 наурызда жасалған және осыған күдікті Біржан сал ауданының тұрғыны ұсталды. Аталмыш қылмысқа қатысты  ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің бұдан өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу