Ақмола облысында 14 жастағы қызды өлтірді деп күдікке ілінген адам қамауға алынды

82

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.  

Ақмола облысында 14 жастағы қызды өлтірді деп күдікке ілінген адам қамауға алынды Фото: Видеодан скриншот

Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған күдікті бір тәулікке жетпей Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылының маңында ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ІІМ мәліметінше, тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған. 

– Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары күдікті заң аясында қатаң жазаланатынын атап өтті. 

Айта кетейік, Ынтымақ ауылының 14 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болған. Оқиға 15 қарашаға қараған түні тіркелген. Құқық қорғаушылар дерек негізінде Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу