Ақмола облысында 17 жастағы жасөспірім қыз суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
Қайғылы оқиға 1 маусым күні Целиноград ауданы аумағындағы Есіл өзенінде болған.
"Суға батқан жасөспірім Целиноград ауданына төрт адамнан тұратын биші қыздар құрамында келген. Талапкер және Нұра-Есіл ауылдары арасында Есіл өзеніне шомылған. Полиция қызметкерлері сот-медициналық сараптама тағайындап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді баспасөз қызметі.