Ақмола облысында 2,5 жыл бұрын жоғалып кеткен қарт әйел табылды

668

Оның көрші облыста жұмысқа орналасқаны белгілі болды.

Ақмола облысында 2,5 жыл бұрын жоғалып кеткен қарт әйел табылды Фото: Polisia.kz

Ақмола облысының полицейлері 2,5 жыл бұрын жоғалған тұрғынды іздеп тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық ПД хабарлауынша, Целиноград ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2021 жылдың мамырында отбасындағы жанжалдан кейін жоғалып кеткен қарт әйелді іздестірді.

"Полиция қызметкерлері 1965 жылы туған жоғалған ақмолалықты Қарағанды облысының аумағында тапты. Целиноград ауданында тұратын ұлы мен келіні анасының жоғалып кеткені туралы полицияға арызбен жүгінген. Өздері де іздемек болған, алайда іздестіру жұмыстары сәтсіз болған", - делінген ПД хабарламасында.

Полицейлердің бастапқы іздеу шаралары қажетті нәтиже бермеді және осы бағыттағы жұмыс жалғасты, нәтижесінде әйелдің орналасқан жері анықталды.

Белгілі болғандай, ақмолалық тұрғын көрші облыста жұмысқа орналасқан, ал болашақта отбасына қайта оралуды жоспарлап отырған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу