Облыстық ПБ мәліметінше, 7 маусымда Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 2008 жылы туған қызы Анастасия Алексеевна Мацты іздеп табуға көмек сұраған.
"Әкесінің сөзінше, қызы 7 маусым сағат 11:00 шамасында үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Жоғалған қыз үстіне қара түсті кеудеше (топик), көгілдір түсті трико, ақ түсті кроссовка киген. Өзімен бірге қара түсті рюкзак болды", делінген хабарламада.
Сонымен бірге, полицияға маусымның 8-де жергілікті балаларды қолдау орталықтарының бірінің аға тәрбиешісінен 7 маусымда қашып кеткен 14 жасар тәрбиеленуші Элеонора Рафаиловна Аяшеваны іздестіруге жәрдемдесу туралы өтініш түскен.
"Полиция қызметкерлері анықтағандай, құрбылар "Мерседес" автокөлігімен (жеке такси) Астана қаласына барып, сағат 16:00-де "12 месяцев" құрылыс дүкенінің аумағында көліктен түскен", - деп толықтырды ведомстводан.