Ақмола облысында 2 мұғалім жалған дипломмен колледжде жұмыс істеген

893

Ақмола облысында колледж басшысы екі мұғалімнің жалған дипломмен сабақ беріп келгенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ақмола облысында 2 мұғалім жалған дипломмен колледжде жұмыс істеген

Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы 10 наурызда оқу орнының басшысы полицияға хабарлап айтқан. Полиция қызметкерлері облыстың ауылдарының бірінің 48 және 49 жастағы екі тұрғынын анықтады.

"Педагогтардың үстінен Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі "жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік награданы қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар өз кінәсін мойындады. Әйелдердің осы құжаттармен 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келгені анықталды", - деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу