Желілік маркетингте ұзақ уақыт жұмыс істеген Г.У.Оралбаеваның қаржы пирамидасы жүйесі бойынша жеке тұлғалардың ақшасын тартудан пайда табу үшін компания құруға шешім қабылдағаны анықталып отыр.
Г.У.Уралбаеваның "River Coins Limited" қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша құқыққа қайшы келетін әрекетінің нәтижесінде бұл пирамиданың қызметі кезеңінде 2 000-нан астам жеке тұлға тартылған, келтірілген залал сомасы 18 млн теңгеден асқан.
Сот үкімімен Г.У.Уралбаева қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.