Ақмола облысында 2 мыңнан астам автокөлік жолда қалған

319

Зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысында 2 мыңнан астам автокөлік жолда қалған Фото: inbusiness.kz

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан 2 мыңнан астам автокөлік жолда қалған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 22-сінде күн райының бұзылуына байланысты ЖАО, ТЖД және ПД қызметкерлері бірлесіп, "Астана-Петропавл", "Көкшетау-Рузаевка", "Көкшетау-Омбы" және "Алматы-Екатеринбор" бағытындағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойды.

- Облыс аумағындағы барлық автокөлік жолдарында 44 патрулдік полиция экипажы, оның ішінде 88 полиция қызметкері кезекшілік етті. Соған қарамастан сол күні 8 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ. Жалпы, күн райының жайсыздығынан жолда қалған 2080 автокөліктің жүруіне патрульдік полиция қызметкерлері көмектесті, - деді ведомстводан.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарына ауа райы жайсыз болған күндері алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу