Ақмола полицейлері 20 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Осы жылдар бойы ер адам Ресей Федерациясының аумағында жасырынып, тіпті басқа мемлекеттің азаматтығын алып, отбасын құрған.
ҚР ҚК-нің 179-бабының 2-бөлігі (ескі редакцияда) қарастырылған қылмыс 2003 жылдың мамырында жасалған. Сол уақытта 27 жастағы ер адам қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгеріп, Ингушетия Республикасының аумағында ұзақ уақыт тығылып жүрген.
2023 жылдың маусымында жасалған қылмысқа қатысы бар қылмыскер 20 жыл өткен соң Малгобек қаласында анықталды. Ер адамның отбасы мен төрт баласы бар екендігі белгілі болды. Ол Қазақстанда жасалған қылмысты ұмытпаған және өзінің қатысы бар екендігін жоққа шығармады.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.