Ақмола облысында 2017 жылы астық қабылдау пункті іске қосылады

842

Ақмола облысында 2017 жылы астық қабылдау пункті іске қосылады

Ақмола облысының Жарқайың ауданында 2017 жылдың қарашасында жылына қуаттылығы 60 мың тонна болатын нан қабылдау пунктін іске қосады. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің аталмыш ауданға жасаған жұмыс сапары аясында мәлім болды.

Әкімдіктің хабарлауынша, аймақ басшысы  қиыршық тас шығаратын "Арқа К" ЖШС кешеніне барды. Жобаның құны  – 150,0 млн теңге. Тамыз айында қолданысқа берілген кешен 1 мың фракциялық қиыршық тас беріп үлгерді.

"Мұнан соң облыс әкімі  "Алтын дән"  астық қабылдау пунктінің  құрылысымен танысты. Оның қуаттылығы жылына  60 мың тоннаны құрайды. Нысан 2017 жылдың қарашасында іске қосылады деп жоспарланған.  Биылғы жылы  30 мың тонна болатын сыйымдылықтар қойылды, сондай-ақ,  кеңсе құрылысы жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ол аудандағы қайта жөнделген  Мәдениет үйін  барып көрді. 

Айта кетерлігі, бұл мақсаттарға "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020"  бағдарламасы бойынша  республикалық бюджеттен  91,0 млн теңге бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу