Ақмола облысында 22 жастағы келіншек із-түссіз жоғалып кетті

304

Оны полицейлер бір аптадан бері іздестіріп жатыр.

Ақмола облысында 22 жастағы келіншек із-түссіз жоғалып кетті Фото: polisia.kz

Ақмола облысында жоғалып кеткен 22 жастағы келіншек бір аптадан бері іздестірілуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты sinegor.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың 8 қарашасында Степногор қалалық ІІБ-нің кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын 2001 жылы туған әйелі Елена Сергеевна Моисееваны табуға көмектесуін сұрап арызданған.

31 қазан күні таңғы сағат 8 шамасында бойжеткен үйден шығып кеткен, күні бүгінге дейін оның қайда екені белгісіз, ұялы телефоны өшірулі.

Жоғалған адамның белгілері: бойы – 160-165 сантиметр, дене бітімі орташа, қара, шашы қысқа, көзі қоңыр, мұрны тік, еріндері жіңішке, құлақтары жалпақ. Ол қызғылт сары шляпа, қара Болонский қысқа күрте, қара джинсы шалбар, қара етік киген және жанында жасыл рюкзак болған.

Жедел іздестіру шаралары барысында Астана қаласында жоғалған адамның банк картасы арқылы сатып алулар жасалғаны анықталды.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасуда, із-түзсіз жоғалған адам туралы ақпарат полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшелеріне және көршілес облыстарға жолданды.

Полиция із-түзсіз жоғалған Елена Сергеевна Моисееваның қайда екені туралы ақпарат білетіндердің ішкі істер органдарына хабарласуын сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу